Гус Хиддинк - Голландия құрамасының бас бапкері
Ресейдің және «Анжи» командасының бұрынғы жаттықтырушысы Гус Хиддинк Голландия құрамасымен 2 жылға келісімшарт жасасты. Ол бас бапкерлік қызметке Әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін кіріседі.
Гус Хиддинктің көмекшісі ретінде Данни Блинд мен Руд ван Нистелрой тағайындалды. 2016 жылғы Еуропа чемпионатынан кейін Хиддинк басқа қызметке ауысады деп күтілуде. Ал оның орнын Данни Блинд басады. Ал Яп Стам құрамадағы жаттықтырушылардың бірі болудан бас тартты. Бұл орын үшін Франс Хукпен келіссөздер жүріп жатыр.
Айта кетейік, 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде Қазақстан мен Голландия құрамасы бір топқа түсті. Сонымен қатар, «А» тобында Чехия, Түркия, Исландия және Латвия командалары бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
СҚО-да экологиялық интерактив ұйымдастырылды
23.09.2026, 17:36
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экоакциясына 80 мыңдай адам қатысқан
23.09.2026, 17:34
Ресейде Қ.Сәтбаевқа арналған көрме ашылды
23.09.2026, 17:29
Жыл басынан бері 378 киберқылмыс тіркелген
23.09.2026, 17:27
Қазақстан – әлеуметтік мемлекет
23.09.2026, 17:26
Қазақстан мен Қытай арасындағы медиа байланыс күшеймек
23.09.2026, 17:24
Қазақстан – Қытай экономикалық ынтымағы нығая түседі
23.09.2026, 17:21
Премьер-министр мұнай өңдеу мәселелері бойынша кеңес өткізді
23.09.2026, 17:19