Қазгидромет: 25 наурызға арналған ауа райы болжамы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: 25 наурызға арналған ауа райы болжамы

25.03.2014
Республиканың шығысында, оңтүстігінде және солтүстік аумағының шеткі бөлігінде атмосфералық ағындар өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады деп күтіледі, кей жерлерде жауын-шашынды болып, жел күшейеді, кей аудандарда тұман түседі, көктайғақ болады, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
 
Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Ақмола, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түсуі, күндіз желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі.
 
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, таңертең және күндіз кей аудандарда көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с. Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Хабарламаларға жазылу