Қазгидромет: 30 наурызға арналған ауа райы болжамы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: 30 наурызға арналған ауа райы болжамы

30.03.2014
Қазгидромет: 30 наурызға арналған ауа райы болжамы
Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кейбір аймақтарда ауа райының тұрақсыздығы сақталады, кей жерлерде бұрқасын, желдің күшеюі, тұман, көктайғақ болады, деп хабарлайды «Қазгидромет».
 
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші секундына 15-20, тіпті, 25 метрге дейін жетеді деп күтілуде.
 
Маңғыстау облысының кейбір жерлерінде жел 17-22, таңертең және күндіз 25 м/с дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с, ал Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар облысында 15-20 м/с дейін болады деген болжам бар.
 
Ақмола мен Жамбыл облысының кейбір жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетіп, тұман түседі. Сондай-ақ, Атырау мен Ақтөбе облыстарының кейбір аймағына тұман түсіп, күндіз жел күшейіп, 15-20 м/с болмақ.
 
Ал Батыс Қазақстан облысының кейбір ауданында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Хабарламаларға жазылу