Қиын-қыстау заманда жат елге үдере көшкен қазақтың бір ұрпағы – АҚШ-тағы 98 жастағы кейуана. Әсия апа 1916 жылы туған. Небәрі 10 жасында елден кетсе де, тілін, дінін сақтап қалған, тегін де ұмытпаған. Ұлы жүз, Жалайыр руының қызы. Осынша жыл қазақ тілін қалай ұмытпай жүрсіз, деген сауалға Әсия Сардарбекқызы: «Қазағымды қалай ұмытайын?», деп сауалмен жауап қатты. Әсия апа Жамбыл облысы, Шу ауданында дүниеге келген. Ауқатты адамдарды жаппай қыру саясатының сойқанынан қашып, Ауғанстанға, одан Түркия, кейін Германияны паналап, 1982 жылы АҚШ-қа қоныстанған. Оннан астам құрсақ көтерген кейуана балаларынан 18 немере, 15 шөбере сүйген. «Алла халқыма деннің саулығын берсін, өмір берсін», деп ізгі тілегін жеткізді қазақ ана. Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.