Наурыз мерекесі күндері Астанада спорттық шаралар ұйымдастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Наурыз мерекесі күндері Астанада спорттық шаралар ұйымдастырылады

19.03.2014
Наурыз мерекесі күндері Астанада спорттық шаралар ұйымдастырылады
Наурыз мерекесі күндері Астанада көптеген спорттық шаралар өткізіледі. 22 наурызда басты спорттық жарыстар Астана қаласы әкімдігінің алдындағы алаңда, сондай-ақ аудандардың орталық алаңдарында және «Пригородный», «Талапкер», «Железнодорожный», «Өндіріс», «Мичурино», «Көктал» және «Үркер» елді мекендерінде өтеді. Бұқаралық жарыстар сағат 10.00-де басталады.
 
Бұдан басқа, спорттық-мерекелік бағдарламаға 18-23 наурызда «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтетін таэквондодан жасөспірімдер арасындағы ашық қалалық жарыс, 19 мен 21 наурызда елордалық шаңғы-роллерлік трассада ұйымдастырылатын шаңғы жарысы, 21-25 наурызда «Қазақстан» Спорт кешенінде болатын су добынан ел чемпионатының шешуші кезеңі енгізілді.
 
22-26 наурызда «Сайран» футбол алаңында кішкентай спортшылар арасында футболдан турнир өтпек. 23-29 наурызда «Кеден» СК-де ерлер арасында волейболдан ҚР чемпионатының төртінші кезеңі өтетін болады.
 
Жеңіл атлетиканың жанкүйерлері де назардан тыс қалған жоқ. 23 наурызда Астаналық саябағында 10 шақырымға жүгіруден  IV қысқы Астана Кубогы өтеді.
 
Ал 24 наурызда «Дәулет» спорт кешенінде теннистен халықаралық жарыс басталады. Наурыз мейрамына орай спорттық іс-шаралардың шеңберіндегі соңғы жарыс - 25 наурызда «Еуразия» спорт сарайында өтеді. Онда балалар үйлерінің шәкірттері арасында шағын футболдан сайыс болады.
 
astana.gov.kz

Хабарламаларға жазылу