Көлікті техникалық байқаудан өткізу үшін не қажет? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көлікті техникалық байқаудан өткізу үшін не қажет?

18.03.2014
Көлікті техникалық байқаудан өткізу үшін не қажет?

Автокөліктің қауіпсіздігі әрі ұзақ жүруі үшін оны техникалық бақылаудан өткізіп тұрған абзал. Жаңа күйінде алынған жүргізілгеніне 3 жыл толмаған көлік 36 айда бір рет техникалық бақылаудан өткізілуі керек.

 
Пайдаланылғанына 3 немесе 7 жыл болса, 24 айда бір рет тексеріледі. Ал егер 7 жылдан асса, онда көлікті әр жыл сайын тексеріп тұрған жөн.
 
Техникалық бақылау орталығына барған кезде қажет болатын құжаттар: техникалық құжат, көлік салығын төлегені туралы түбіртек.
 
Небәрі 20 минут уақытты алатын шара көлік жүргізуші үшін де, қоршаған орта үшін де өте маңызды.
 
Толығырақ «Таңшолпаннан» біле  аласыздар.

Хабарламаларға жазылу