Дастарханы жиылмаған қазақ халқында ұлттық тағам түрлері өте көп. Соның бірі – қарма тағамы.
Халық ақыны Нұрхан Ахметбеков: «Мекен еттім жапалақтай жар басын, Азық қылдым ақ балықтың қармасын», деп жырлаған екен.
Осы қарма қазақ даласында бұрыннан бар тағам. Ол әсіресе, балық шаруашылығымен айналысатын ру-тайпаларға тән болған.
Бұл тағамды жасау үшін алдымен балық сүйегін және аздаған балық етін қазанға салып, қарып, қуырады. Кейін диірменге салып, ұнтақтайды. Одан қызыл-қоңыр талқан шығады. Мұны – қарма деп атайды. Кейде оны «балық қармасы» деп те атайды.
Наурыз мерекесіне орай «Таңшолпан» бағдарламасы ұмыт бола бастаған ұлттық тағам түрлері туралы дерек ұсынады.