Қытай азаматтарынан Қазақстанның төлқұжаты тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай азаматтарынан Қазақстанның төлқұжаты тәркіленді

17.03.2014
Қытай азаматтарынан Қазақстанның төлқұжаты тәркіленді
Алматы әуежайынан ұшпақ болған Қытай азаматынан 300-ге тарта Қазақстан төлқұжатының бланкісі тәркіленді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
 
Қазақстан Республикасының ұлттық төлқұжаттарының бланкісі Алматы-Гонконг бағытындағы екі жолаушының жүктерін ресімдеу кезінде табылған.
 
Гонконг тұрғындарының сөмкесінен төлқұжаттың 291 данасы шыққан.  Оның ішінде 250 төлқұжаттың мұқабасы  көк түсті, 40 төлқұжаттың  мұқабасы қою қызыл түсті болған. Ал біреуіне фотосурет жапсырылып, мәліметтер жазылған.
 
Сонымен қатар, құжаттарды  дайындауға  қолданылатын голографиялық ленталардың орамы да табылған. Бұл дерекке қатысты материалдар Қылмыстық Кодекстің 158-ші бабы басшылыққа алына отырып, Алматы облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментіне жіберілген.

Хабарламаларға жазылу