Соңғы 9 айда Қытайда тұрып жатқан 2,5 мыңға жуық этникалық қазақ Қазақстан азаматтығын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы 9 айда Қытайда тұрып жатқан 2,5 мыңға жуық этникалық қазақ Қазақстан азаматтығын алды

26.11.2018

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Сыртқы істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Жалпы, соңғы уақытта Қазақстанның азаматтығын алу және Қытай азаматтығынан шығу процесін рәсімдеуде біраз жеңілдіктер енгізілген. Алайда, жыл басынан бері көрші елде қос азаматтығы үшін 29 қазақстандық ұсталған. Бүгінде олардың 15-і мемлекетіміздің күш-әрекеттерінің арқасында босатылып, елге оралды. Дегенмен, Қытай аумағынан әлі де 14 отандасымыз шыға алмай отыр.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы:

- ҚР СІМ-не этникалық қазақтардан және Қытайдың азаматтарынан 915 өтініш келіп түсті. Сондықтан, жұмыс өте көп. Бұл жұмысты күнделікті жалғастырып келе жатырмыз. Әрбір жазылған, әрбір білдірілген өтініш шетте қалмайды. Біздің консулдық департамент Қытайдың елшілігімен тығыз дипломатиялық арна арқылы жұмыс атқарып келе жатыр.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу