2014 жылдың 29 наурызында бүкіл әлемде «Жер уақыты-2014» ғаламдық шарасы жетінші рет жүзеге асырылмақ.
Бұл туралы Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) сайтында хабарланған.
«Жер уақыты» - бұл жер ғаламшарына қамқорлық белгісі ретінде бір сағатқа әлем бойынша жер-жерлерде электр қуатын сөндіруге негізделген акция. Оған өткен жылы дүниежүзінің 150 елінен 2 миллиардқа жуық адам қатысқан.
Қазақ елінде де әдетте бұл күні мекемелерде, сауда орталықтарында, мектептерде, колледждер мен университеттерде және тағы да басқа ғимараттарда шамдар сөндіріледі.
Аталмыш акция аясында шаруашылықтар мен коммерциялық мекемелер де бір сағатқа электр қуатын ажыратуға шақырылады.
«Жер уақыты» акциясы - Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры жыл сайын дәстүрлі түрде өткізетін халықаралық іс-шара.
«Жер уақыты» акциясы - Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры жыл сайын дәстүрлі түрде өткізетін халықаралық іс-шара.