Инсульт – бастағы қан айналым жүйесінің жедел бұзылуы. Ми қан-тамырларының зақымдануы және қан-тамыр жүйесінің түрлі ақаулары инсультке шалдықтырады.
Дәрігерлердің айтуынша, инсульт оқыстан пайда болады, оны алдын ала сезу қиын. Сондықтан, қан қысымы жоғары, жүрегі ауыратын, қант диабеті бар адамдар өз денсаулығына аса жауапкершілікпен қарағаны жөн.
Инсульттің алғашқы сатысында адамның көңіл-күйі бұзылады, басы айналады, тілі күрмеледі, бір жақ денесі жансызданады.
Қауіпті дерттің осы және басқа да белгілері, алдын алу жолдары туралы білгіңіз келсе, бүгін 10.00-де «Дауа» бағдарламасын көріңіз.