«Театр көктемі-2014» фестивалі өтеді
18-21 наурыз күндері Алматыда «Театр көктемі-2014» фестивалі өтеді. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының дәстүрлі жаңа қойылымдарының биылғы фестивалі – КСРО Халық әртісі Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналады.
Жыл сайын наурыз мерекесі мен Халықаралық театр күні қарсаңында өткізілетін дәстүрлі өнер мерекесі күндері төрт спектакль көрсетіліп, сарапқа салынады.
Фестиваль шымылдығын Р.Отарбаевтың «Бейбарыс Сұлтан» тарихи драмасы ашады. Сонымен қатар, шара барысында С.Майқанованың 100 жылдығына арналған суретті көрме, О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер көркемсурет колледжі студенттерінің көрмесі ашылады.
«Сахна өнері: бүгіні мен болашағы» атты халықарлық ғылыми-тәжірибелік конференциясы да осы фестиваль аясында ұйымдастырылмақ.
Сондай-ақ, бұл күндері «Апалы сіңілілі үшеу» драмасы, «Қас-қағым» метафизикалық трагедиясы және «Таңсұлу» спектаклі көрермен назарына ұсынылады.
Театр ғимараты алдында Наурыз мерекесіне орай ұлттық дастархан мәзірі, наурыз көже жасалып, ұлттық ойындар ойнатылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05