Волейбол. «Есіл» - «ҚазХром» 3:1 - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Волейбол. «Есіл» - «ҚазХром» 3:1

11.03.2014
Волейбол. «Есіл» - «ҚазХром» 3:1
Жарыс күнтізбесіндегі екінші ойында Солтүстік Қазақстан облысының «Есіл» командасы Хромтау қаласының «ҚазХром» ұжымымен кездесті. Матч басында Есіл есепте алға шығып, қарсыласты тығырыққа тіреді. Бұл ойынның фавориті саналған «ҚазХром» аса қатты қарсылық көрсете алмай, 25-18 есебімен Есілге есе жіберді.
 
Ал екінші сетте қарымта қайтарамыз деген «ҚазХром» 25-20 есебімен, тағы да жеңілді. Хромтаулықтар тек үшінші сетті өз пайдасына шешті. Дегенмен төртінші сетте басымдық танытқан «Есіл»  командасы ойында 3:1 (25-18, 25-20, 23-25, 26-24) есебімен жеңіске жетті.

Хабарламаларға жазылу