Волейбол. «Конденсант» - «Атырау» 3:1 - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Волейбол. «Конденсант» - «Атырау» 3:1

11.03.2014
Волейбол. «Конденсант» - «Атырау» 3:1
Бүгін Тараз қаласында волейболдан Қазақстанның ерлер арасындағы Ұлттық лигасының 4-тур ойындары басталды.
 
«Тараз-Арена» спорт кешенінде жалауын желбіреткен турнирдің алғашқы матчында Оралдың «Конденсант» командасы «Атырау» волейбол клубын 3:1 есебімен жеңді. (25-19, 18-25, 25-12, 25-21).
 
Сонымен қатар, бүгін «ТНК Қазхром» мен «Есіл»,  «Шығыс-СвинецСтрой» мен «Павлодар» және «Алматы» мен «Тараз» командалары кездеседі.
 
Айта кетейік, волейболдан ел чемпионатының 4-ші туры  наурыздың 20-на дейін жалғасады. Ең қызықты матчтарды «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу