«Тақиялы періштеде» кеткен қателіктер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тақиялы періштеде» кеткен қателіктер

11.03.2014
«Тақиялы періштеде» кеткен қателіктер
Режиссер Шәкен Аймановтың  «Тақиялы періштесі» халық көңілінен шыққан үздік туынды. Алайда, осы фильмде кеткен қателіктерді көпшілік байқай бермейді.
 
Мысалы, 1968 жылы жарыққа шыққан фильмнің түсірілім жұмыстары сәуір айында басталған.  Ал ол кезде Алматы қаласында қар еріп, киноның жартысы Свердловск қаласында түсіріледі.
 
Фильм сюжеті бойынша Алтыншаштың тапсырысымен басбұзарлар Тайлақты бассейн маңында ұрып кетеді. Бассейнде су болмай, өрт сөндіруші машиналар шақырылып, бассейн 4-5 машина суымен толтырылған көрінеді.
 
«Тақиялы періште» киносы жарыққа шыққан соң, ауылдан қалаға келетін қазақ жастарының саны едәуір өскен деседі.
 
Қызықты сюжетті «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу