Біз ел чемпионатында жеңіске жетуді қалаймыз – Виктор Кумыков - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Біз ел чемпионатында жеңіске жетуді қалаймыз – Виктор Кумыков

09.03.2014
Біз ел чемпионатында жеңіске жетуді қалаймыз – Виктор Кумыков
Қарағандылық «Шахтердің» бас бапкері Виктор Кумыков матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында ел чемпионы - «Ақтөбе» командасының өткен маусымға қарағанда күшейе түскенін айтты.
 
«Гол соғу мүмкіндіктері тең болды. Олар біз ойлағандай допқа көп иелік етті. Күшті ойыншыларды алғаннан кейін, «Ақтөбе» басымырақ көрінді. Гол жіберуімізге қорғаушылар қателігі себеп болды», - деді ол.
Виктор Кумыковтың сөзінше, маусымашар кездегі жеңілістің команда үшін пайдасы бар.
 
«Суперкубок үшін таласта есе жібергеніміз өкінішті. Бұл ойынға арнайы дайындалдық. Енді ел чемпионатында жеңіске жетуді қалаймыз», - деді бас бапкер.

Хабарламаларға жазылу