Суперкубок: «Ақтөбе» - «Шахтер» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суперкубок: «Ақтөбе» - «Шахтер»

09.03.2014
Суперкубок: «Ақтөбе» - «Шахтер»
Бүгін «Астана-Арена» стадионында футболдан ҚР Суперкубок иегерін анықтауға арналған матч «Ақтөбе» мен «Шахтер» арасында өтеді. Ойын Астана уақыты бойынша 13:50-де басталады.
 
Айта кетейік, өткен маусымда «Ақтөбе» ел чемпионы болса, қарағандылық «Шахтер» Ұлттық кубоктың иегері атанды.
 
Бұл ойынға  өскемендік төреші Руслан Дузмамбетов қазылық жасайды. Оған алматылық Сергей Васютин мен Самат Тергеусізов көмектеседі.
 
Ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы және «KAZsport» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу