Шакира кедейлер ауданына 10 миллион долларға мектеп салып берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шакира кедейлер ауданына 10 миллион долларға мектеп салып берді

09.03.2014
Шакира кедейлер ауданына 10 миллион долларға мектеп салып берді

Әлемге әйгілі поп-жұлдыз Шакира Колумбияда 10 миллион АҚШ долларына мектеп салғызды, деп хабарлайды AFP.

Мектеп елдің солтүстік жағалауындағы Картахена-де-Индиас деп аталатын кедейлер ауданында Шакираның Shoeless Foundation атты қайырымдылық қорының қаражатына салынған.

Көлемі 8 мың текше метр болатын оқу ордасына 1700-ге дейін оқушы сыяды. Shoeless Foundation қоры басшысының айтуынша, бұл мектепте бес мыңға жуық бала түрлі спорттық және шығармашылық үйірмелерге қатыса алады.

Шакира Shoeless Foundation қорын 1997 жылы құрған болатын. Мекеменің негізгі мақсаты - Колумбия және Латын Америкасындағы аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған мектептерге демеушілік көрсету. 2010 жылы Шакира жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға көрсеткен көпжылдық еңбегі үшін Халықаралық еңбек мекемесінің медалімен марапатталған.

Хабарламаларға жазылу