«Барыс» алғашқы ойында «Автомобилистен» басым түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Барыс» алғашқы ойында «Автомобилистен» басым түсті

09.03.2014
«Барыс» алғашқы ойында «Автомобилистен» басым түсті
Астаналық «Барыс» Гагарин Кубогының плей-офф сериясының бірінші ойынында өз алаңында екатеринбургтік «Автомобилисті» ұтты.
 
Ойының бірінші кезеңінде қарсыластар есеп ашқан жоқ. Кездесудің келесі кезеңдерінде ойын қыза түсіп, қос команда да негізгі уақытта  2:2 есебімен тең түсті. Алайда тағайындалған қосымша овертаймда да қарсыластардың мықтысы анықталған жоқ, тек екінші экстра-таймда астаналықтар үшінші шайбасын салып, 3:2 есебімен алға шықты.
 
ҚХЛ аясындағы плей-офф тартысында бүгін «Барыс» өз алаңында «Автомобилист» хоккейшілерімен екінші ойынын сағат 17:00-де «Қазақстан» спорт сарайында өткізеді.
 
Ойынды «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу