Инчхон-2014. Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы қола медальді иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы қола медальді иеленді

23.09.2014
Инчхон-2014. Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы қола медальді иеленді

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласындағы Азия ойындарында теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы қола медальді иеленді.

Қазақстандық теннисшілер жартылай финалда Тайпэй құрамасымен кездесіп, 1:2 есебімен ұтылып қалды.

Алғашқы ойында Юлия Путинцева Юнг Ян Чаннан 4:6, 1:6 есебімен ұтылды. Ал екінші ойында Ярослава Шведова Хсей Су Вэйді 6:3, 7:6 (4) есебімен жеңіп, таразы басын теңестірген еді.

Шешуші жұптық ойында Тайпэй қыздары басым түсті. Есеп – 0:6, 2:6.

Хабарламаларға жазылу