Ұлттық арнада – «Өжет қыз» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада – «Өжет қыз»

08.03.2014
Ұлттық арнада – «Өжет қыз»
Колхоздың жас жылқышысы Айдар мен жылқы зауытының бас табыншысы Ғалия бірін-бірі бұрыннан бері сүйеді. Бір түсініспеушіліктің салдарынан екі жастың арасындағы сезімге сызат түседі.
 
Бұл жағдайды Ғалияға қырындап жүрген дүкен меңгерушісі Аңғарбай пайдаланбақшы болады. Айдар өз колхозында асыл тұқымды жылқы өсіруді армандайды. Бірақ оның әкесі, колхоз бастығы қаражат бөлуден бас тартады.
 
Колхоз жылқыларының нашар екеніне қырсық әкесінің көзін жеткізу үшін Айдар қыз қууда жүлдені Ғалияға беруді ойлайды.
 
Бүгін 13.40-та режиссер Павел Боголюбовтың «Өжет қыз» комедиясын Ұлттық арнадан тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу