Астаналық «Барыс» хоккей клубы 2014 жылғы арулар байқауының жеңіпазын анықтады. Шешуші кезеңге сегіз үміткер өтті. Олар клубтың ресми әлеуметтік желілеріндегі көп дауыс жинаған.
Ал финалға тек үш қатысушы жолдама алды. Олар - Гүлнәз Алина, Мария Журавская және Юлия Ветрова.
Нәтижесінде бірінші орын 17 жастағы Юлия Ветроваға бұйырды. Екінші және үшінші орындарды Гүлнәз Алина мен Мария Журавская иеленді.
Vesti.kz