U-21. Қазақстан – Исландия: 3:2 (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

U-21. Қазақстан – Исландия: 3:2 (ВИДЕО)

06.03.2014
U-21. Қазақстан – Исландия: 3:2 (ВИДЕО)
Елордадағы «Астана-Арена» стадионында футболдан 2015 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы Исландияны қабылдап, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
 
Ойынның 7-ші минутында Тоқтар Жаңғылышбай қонақтар қақпашысының қателігін ұтымды пайдаланып, Станислав Лунинге пас шығарды. Өз кезегінде ол бос қақпаға гол соғып, есеп ашты. Араға бес минут салып Роман Мұртазаев есепті еселеді. Бірінші тайм 2:0 есебімен аяқталды.
 
Ал екінші таймда қонақтар Хольмберт Фридьонссон мен Йортюр Херманнссонның көмегімен таразы басын теңестіріп кетті. Оның үстіне ойынның аяқталуына бес минут қалғанда екі сары қағаз алған Станислав Лунин алаңнан қуылды. Дегенмен бір ойыншыға кем ойнаса да, қазақстандық футболшылар жеңіске жетті.
 
Матчтың 90-шы минутында Исламбек Қуат бағыттаған соққы қақпа торынан табылды. Қорытынды есеп: 3:2!

Хабарламаларға жазылу