U-21. Қазақстан – Исландия: 2:0 (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

U-21. Қазақстан – Исландия: 2:0 (ВИДЕО)

05.03.2014
Елордадағы «Астана-Арена» стадионында футболдан 2015 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы Исландияны қабылдауда.
 
Ойынның 7-ші минутында Тоқтар Жаңғылышбай қонақтар қақпашысының қателігін ұтымды пайдаланып, Станислав Лунинге пас шығарды. Өз кезегінде ол бос қақпаға гол соғып, есеп ашты. Араға бес минут салып Роман Мұртазаев есепті еселеді.
 
Айта кетейік, Қазақстан – Исландия матчын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде. Сонымен қатар,www.kazsporttv.kz сайты арқылы онлайн-трансляция жүргізілуде.

Хабарламаларға жазылу