Мәскеуде мылтықпен қаруланған адам мектепке кіріп келіп, полиция қызметкерін атқан. Сонымен қатар ол 10 сынып оқушыларын кепілдікке алды. Бұл жайында Ресей БАҚ-тары Мәскеудің құқық қорғау органдарына сілтеме жасап хабарлауда.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, қаскүнем мектеп оқушыларының бірінің әкесі. Оның қолынан мектеп ғимаратында кезекшілігін атқарып отырған полиция мерт болды. Тап қазіргі уақытта 10 сынып оқушыларын кепілдікке алып отыр.