Роман Кречке екі бөлмелі пәтер беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Роман Кречке екі бөлмелі пәтер беріледі

28.02.2014
Роман Кречке екі бөлмелі пәтер беріледі
Қазақстандық конькимен жүгіруші Роман Кречтің баспана жағдайын Сочи Олимпиадасына дейін жақсаруы тиіс еді. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының Спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Руслан Есеналин мәлімдеді.
 
Айта кетейік, Олимпиададан елге оралған спортшыны үйінен шығарып жібере жаздады. Ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасына мұңын шаққан болатын.
 
«Спортшы көлемі 30 шаршы метрден сәл ғана асатын үйде тұрды.  Оны бір бөлмелі пәтерге айырбастауды ұсыну бағасы жағынан тең сияқты. Сонымен қатар, облыс әкімі Роман Кречке Сочи Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткені үшін екі бөлмелі пәтер береді», - деді Руслан Есеналин.

Хабарламаларға жазылу