Қазақ кезінде аса елемеген бір сала бар. Фотожурналистика деген. Фотосыз газеттің де, журналдың да, сайттың да өңі кірмейді.
«Қазірдің өзінде баласын экономист, заңгер жасағысы келетін ата-аналар баршылық. Соның салдарынан дипломын сандыққа салып қойып, құр жүргендер көп. Қоғам фотосуретшіліктің де маңызды мамандық екенін түсінсе деймін»,-дейді фотоөнер шебері Асылхан Әбдірайымұлы.
«Тарихшылар тарихты қолмен жазса, фотосуретшілер суретпен жазады. Бүгінгі ақпарат ертең - тарих, фото да ертеңге тарих болып қалады. Сондықтан, жастар бұл салаға да бас бұрып, тереңіне бойлап көрсе, өкінбес еді».
Бүгін, 11.35-те «Өнер шежіресінен» Асылхан Әбдірайымұлының шығармашылығымен таныса аласыздар.