Әбілхан Қастеев қолөнерге, суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болған екен.
Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі.
Ол – туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер.
Оның «Биік таулы мұз айдын», «Гүл ашқан алма», «Менің Отаным», «Жайлаудағы авто-дүкен» сияқты полотнолары эпикалық қарыммен, шыншылдығымен назар аудартады.
Бүгін Ұлттық арнадан 13.30-да және 18.35-те «Ұлт мақтанышын» көріңіз.