Ингушетия басшысы қазақ халқына ризашылық білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ингушетия басшысы қазақ халқына ризашылық білдірді

27.02.2014
Ингушетия басшысы қазақ халқына ризашылық білдірді
 
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың атына Ингушетия Республикасының басшысы Юнус-Бек Евкуровтан алғыс хат келіп түсті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
 
Өз хатында Ю.Евкуров ингуштердің сан ғасырлық тарихындағы қасіретті датаның бірі 1944 жылғы 23 ақпан екенін атап өткен.
 
«Ингушетия Республикасы халқының және жеке өзімнің атымнан барша қазақ халқына қиын-қыстау жылдары өз отанынан айырылған адамдарға көрсеткен көмегі үшін шынайы ризашылық білдіремін»», - делінген хатта.
 
Соңында Ю.Евкуров Қазақстан Президентіне және еліміздің барша көпұлтты халқына бақыт, жақсылық, игілік және бақ-береке тілеген.

Хабарламаларға жазылу