Әлемде 1867 миллиардер тіркелген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде 1867 миллиардер тіркелген

26.02.2014
Әлемде 1867 миллиардер тіркелген
Қытайда (Гонконг, Макао және Тайваньді қоса есептегенде) қазір 358 миллиардер бар. Бұл көрсеткішпен ол АҚШ-ты (481 адам) ғана алға жіберіп алған. Үздік үштікте әзірге Ресей (103) тұр. Одан кейінгі орынға Ұлыбритания мен Үндістан жайғасты. «Хужунь» қытайлық журналы жүргізген зерттеу нәтижесі осындай, деп хабарлады inform.kz.
 
Басылым мәліметіне қарағанда, бүгінде әлемде 1867 миллиардер тіркелген. Бұл өткен жылға қарағанда 414 миллиардерге артқан. Олардың ақша жиынтығы 6,9 триллион долларға жетті. Бұл әлемдегі 3-ші орындағы экономикалық держава - Жапонияның жылдық жалпы ішкі өнімінен асып түседі, делінген баяндамада.

Хабарламаларға жазылу