Шығыс Қазақстан облысында ертең ауа райы бұзылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында ертең ауа райы бұзылады

20.02.2014
Шығыс Қазақстан облысында ертең ауа райы бұзылады
  Шығыс Қазақстан облысында ауа райы күрт суытып, кейбір аймақта қалың қар жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
 
Хабарламада боран соғып, желдің жылдамдығы 17-22 м/с, ал Жарма ауданында 25-28 м/с дейін жетеді делінген.
 
Сондай-ақ, облыстың төтенше жағдайлар қызметі қар көшкіні жүріп, бұрқасындатуы мүмкін болғандықтан,  облыс тұрғындарына елді мекеннен ұзап шықпауды ескертеді. 
 
Таулы аймақта қар көшкіні болуы ықтимал. Жыл басынан бері массасы 5 тоннадан асатын 7 қар көшкіні болған. Осы орайда «Қазселденқорғау» мамандары тау маңына қар тежейтін қалқандар орнатты.

Хабарламаларға жазылу