Президент өңір әкімдерімен кеңес өткізді, онда облыстар мен қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметінен хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаев азаматтарды жұмыспен қамту және әл-ауқатын арттыру, сондай-ақ күнделікті тұтынатын тауарларға бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мәселелері бойынша жұмысты жандандыру қажеттігіне назар аударды.
Облыс әкімдері Мемлекет басшысына тапсырмалардың орындалуы, соның ішінде өңірлерде маңызды мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын баяндады. |