Мемлекет басшысы бірқатар өңірлердің әкімдерін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы бірқатар өңірлердің әкімдерін қабылдады

23.06.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өңірдің әкімдерін қабылдады. Алматы, Шымкент қалаларының, Қарағанды, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әкімдері өздері басшылық ететін өңірлердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы Президентке есеп берді. Аймақтарды одан әрі дамытудың перспективасы жөнінде баяндады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысына өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет берілді. Президент әкімдерге әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеуді тапсырып, бірқатар нақты тапсырма берді.


Хабарламаларға жазылу