Павлодарда нан бағасы келесі астық науқанына дейін тұрақты болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда нан бағасы келесі астық науқанына дейін тұрақты болады

12.02.2014
Павлодарда нан бағасы келесі астық науқанына дейін тұрақты болады

Ірі және шағын наубайханалар нанның бағасын ұстап тұруға кепілдік берді. «Бүгін облыстың ауылшаруашылық, кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен Павлодар қаласының наубайханалары арасында 2014 жылдың 1-ші тамызына дейін бағаны көтермеу туралы меморандумға қол қойды» - деді облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әшімбаев.

Оның сөзі бойынша, бұл құжатқа облыс орталығының барлық 16 нан пісіретін кәсіпорны қол қойған. Наубайханалар сауда желілеріне өз өнімдерін 10 пайыздан аспайтын қосымша бағамен сатады.

Өз кезегінде облыс бұл кәсіпкерлерге ұнды жеткілікті көлемде және тиімді бағамен жеткізіп тұрады.
   

Хабарламаларға жазылу