Жалған ақпарат таратқан БАҚ өкілдері сотқа тартылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалған ақпарат таратқан БАҚ өкілдері сотқа тартылмақ

11.02.2014
Жалған ақпарат таратқан БАҚ өкілдері сотқа тартылмақ
  Мысырдың билік өкілдері «жалған ақпарат таратты» деп айыпталған  «Әл-Жазира» арнасы журналистерінің ісін 20 ақпаннан бастап  сотта қарайды.
 
Айыпталушылар - «Әл-Жазира» арнасының  20 журналисі. Олар террористік ұйымдардың мүшелеріне қолдау көрсетті деп кінәлануда. Телеарна  мұны мойындамай, айыпталған 20 кісінің 9-ын ғана қызметкері екенін мәлімдеп отыр.   
 
Мысыр тұрғындарының көпшілігі «Әл-Жазираны»  «Мұсылман бауырлар» қозғалысының пікірін елге тарататын арна деп қабылдаған, деп жазады BBС.

Хабарламаларға жазылу