Жеңілдетілген автонесиелеуге берілген бірде-бір өтінім кері қайтарылмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңілдетілген автонесиелеуге берілген бірде-бір өтінім кері қайтарылмаған

19.05.2015
Жеңілдетілген автонесиелеуге берілген бірде-бір өтінім кері қайтарылмаған

4 пайыздық мөлшерлемемен екінші деңгейлі банктер арқылы отандық көліктерді несиелеу бір ай бұрын басталған еді. Осы күнге дейін 1750 өтінім қабылданыпты.

Бағдарлама бойынша бөлінген 15 миллиард теңгенің 40 пайызы пайдаға жараған екен. Несиелендіру бойынша Ресейдің Жинақ банкі көш бастап тұр. Мұндағы менеджерлер 1 миллиард 569 миллион теңгелік несиені игеріп үлгерген.

 

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу