Жамбыл облысында жеңілдетілген автонесиемен көлік ала бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында жеңілдетілген автонесиемен көлік ала бастады

17.02.2023

 Жамбыл облысында жеңілдетілген автонесиеге өтінім жіберген тұрғындар салоннан көлігін ала бастады. Пайызы төмен несие арқылы жаңа темір тұлпарға аймақта алғашқылардың бірі болып Тараза қаласының тұрғыны Қуанышбек Қырықбаев қол жеткізді. Ол жылдамдығы жоғары интернет пен жақсы ноутбуктың арқасында платформаға бірден кіріп, өтінім беріп үлгерген.

Қуанышбек Қырықбаев, қала тұрғыны:
Осындай 4 проценттік несиемен автокөлік алып отырмын. Ең бірінші керегі жылдамдық яғни интернетіңіз дұрыс болуы керек және ноутбук жақсы болса. Соның арқасында осындай 4 пайыз 760 адамның ішіне кіріп отырмын.

Нұрдос Болатұлы

Хабарламаларға жазылу