Мұқағали – ғажайып, сыршыл, гуманист ақын. Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әуенге өріліп, көкте қалықтайды.
Мұқағалидың сөзіне жазылған әндер барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды.
Хан Тәңірінің мұзбалағы – Мұқағали Мақатаев поэзиясынан рух пен қайрат алатын көрермендер бүгін Ұлттық телеарнадан 21.05-те «Соғады жүрек...» әдеби-музыкалық кешін тамашалай алады.