«Эйр Астана» ұшағында бортсерік пен жолаушы жанжалдасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Эйр Астана» ұшағында бортсерік пен жолаушы жанжалдасты

04.02.2014
«Эйр Астана» ұшағында бортсерік пен жолаушы жанжалдасты

«Эйр Астана» ұшағында бортсерік пен жолаушы арасында жанжал болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Компанияның қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің мәліметінше, «Алматы-Астана» рейсіне жолаушыларды отырғызу кезінде эконом-класс жолаушыларының бірі аға бортсерікті ұрып жіберген.

«Полиция наряды шақырылды. Авиациялық қауіпсіздік талабы бойынша жолаушылар мен жүк қайтадан тексерілді. Рейс 1 сағат 48 минут уақытқа кідірді. Ұшақ 15:08-де ұшты. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты құқық қорғау органдары мен авиациялық қауіпсіздік қызметі тексеру жүргізуде», делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Ал, жолаушы Мұрат Қарымсақов болса оқиғаға бортсеріктер кінәлі екенін айтқан. «Мен қолым бос болмағандықтан жүктерімді жайғастыруды өтінгенімде, бортсерік дөрекі түрде жауап берді. Мен оған қол жұмсаған жоқпын. Үш адам түсініктеме жазып берді, 11 адам мені жақтап қол қойды», -деген ол.

 

 

Естеріңізге сала кетейік, «Эйр Астана» қызметкеріне қол жұмсау оқиғасы былтырғы жылы да болған еді.

Хабарламаларға жазылу