Украина президентінің Жоғарғы Рададағы өкілі Юрия Мирошниченконың сөзінше, елдегі дағдарысты күш қолдану арқылы шешу қарастырылмаған. Сонымен қатар, төтенше жағдай да жарияланбайды.
«Президент Виктор Янукович елдегі саяси дағдарысты шешудің жалғыз демократиялық жолы мерзімімен бұрын парламенттік және президенттік сайлауды ұйымдастыру болса, онда бұл жағдайға дайын», - дейді президент өкілі Юрий Мирошниченко ICTV телеарнасыны берген сұхбатында.