Әзірбайжанда президенттік сайлау сәуірде өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әзірбайжанда президенттік сайлау сәуірде өтеді

06.02.2018

Әзірбайжанда президенттік сайлау қазанда емес, сәуірде өтетін болды. Мұндай шешімді ел президенті Ильхам Әлиев қабылдаған. Айта кетсек, мемлекет басшысы 2016 жылғы референдумнан кейін мерзімінен бұрын сайлау өткізуді жариялауға құқылы.

Саяси сарапшылар бұған қатысты түрлі пікірлер айтып жатыр. Біреулер оны елдің нашарлап бара жатқан экономикалық жағдайымен байланыстырып отыр. Алайда, екіншілерінің ойынша, Әлиев өз бәсекелестері сайлауға әзірленіп үлгермесін деп, дауыс беру күнін сәуірге ауыстырған.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу