Б.Сағынтаевтың ұялы байланыс операторлары қызметіне көңілі толмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Б.Сағынтаевтың ұялы байланыс операторлары қызметіне көңілі толмайды

03.02.2014
Б.Сағынтаевтың ұялы байланыс операторлары қызметіне көңілі толмайды

Бүгін Көлік және коммуникация министрлігінің алқа мәжілісіне қатысқан ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ұялы байланыс саласының кемшіліктерін сынға алды.
 «Біз алдыңғы қатарлы телекоммуникациялық технологияларды енгізу саласында үлкен қадам жасадық. Жетістіктер бар. Ұялы байланыс ұсынатын қызметтердің сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Дегенмен, тіпті Астанада байланыстың, бірде интернеттің, бірде 3G-дің жоғалып кететіндігін көріп жүрміз. Әр уақытта операторларға сілтей беруге болмас. Біз қандай да бір нормативтік құжаттармен реттеуге тиістіміз», - деді Б.Сағынтаев.

 Бірінші вице-премьер Көлік және коммуникация министрлігі ғимаратында да 3G байланысының қайта-қайта жоғалып кете беретіндігін  айтты.

 «Онсызда аз ақша төлемейтін қарапайым тұтынушылардың өкпесі түсінікті де. Менің ойымша, операторлардан сапаға да, көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігіне де сұрау болуы тиіс»,- деді ол.

Хабарламаларға жазылу