Бүкіл әлемге танымал австриялық режиссер және продюсер, «Оскар» сыйлығының иегері Максимиллиан Шелл 1 ақпанға қараған түні Инсбрук клиникасында қайтыс болды.
83 жастағы кино қайраткері сырқаттың асқынуынан қаза болған, деп хабарлады РБК Der Spiegel басылымына сілтеме жасап. Шеллдің сырқатының нақты диагнозы хабарланбаған.
Бұдан бірнеше күн бұрын режиссер ауруханада өкпе қабынуынан емделіп шыққан болатын.
Шеллге танымалдылық Стэнли Крамердің «Нюрнберг процесі» фильмінде нацистік қылмыскерлердің адвокатының рөлін ойнау арқылы келді, осы рөлді сомдағаны үшін ол 1962 жылы «Оскар» сыйлығын (үздік ер адамның рөлі үшін) иеленді. Ол әлемдегі ең танымал немістілді актердің бірі деп танылды.
Оның әйелі ресейлік актриса Наталья Андрейченко. Голливуд жұлдызы Анджелина Джоли - Шеллдің кіндік қызы.