WSB. Боксшылар салмақ өлшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

WSB. Боксшылар салмақ өлшеді

31.01.2014
WSB. Боксшылар салмақ өлшеді
Дүниежүзілік бокс сериясы бәсекелерінің аясында шаршы алаңға шығатын «Астана арландары» мен  «Russian Boxing Team» командаларының боксшылары салмақ өлшеді. Айта кетейік, екі команданың бас бапкері бастапқы тізімге өзгеріс енгізді.
 
«Астана арландары»  командасының бас бапкері Сергей Корчинский 49 келіде Азамат Исақұловтың орнына Мардан Берікбаевты шығаратын болды. Ал 56 келіде Мейірболат Тойытовты Мәди Шолақовпен алмастырды.
 
Ресейліктердің бас бапкері екі рет түзету енгізді. 56 келіде Эдуард Абзалимовты Николай Федорченкомен ауыстырды. Ал 64 келіде Григорий Лизуненконың орнына Максим Дадашев шығатын болды.
 
Айта кетейік, бокс кешін ертең, Астана уақытымен 19:50-де «KAZsport» телеарнасынан тамашалай аласыздар.
 
49 келі.  Белик Галанов - Мардан Берікбаев
 
56 келі. Николай Федорченко - Мәди Шолақов
 
64 келі. Максим Дадашев - Асхат Уәлиханов
 
75 келі. Петр Хомуков - Сергей Деревянченко
 
91 келі. Алексей Егоров - Василий Левит

 

Хабарламаларға жазылу