«Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан дүйсенбі-жұма аралығында көрсетіліп жатқан үндінің «Келін»телехикаясы көрерменін тапқан телетуынды.
Фильмдегі келіннің ибалылығы, үлкеннің алдын кеспей, сөзіне құлақ асуы, дәстүрді дәріптеуі – қазаққа да жақын болғандықтан, халық жылы қабылдады.
Көрермендердің сұрауы бойынша, 3 ақпаннан бастап, енді «Келінді» Ұлттық арнадан 16.10-да тамашалай аласыздар. Ал күндізгі көрсетіліміне үлгермей қалсаңыз, қайталауын түнгі 01.55-те көре аласыздар.