Кәсіпкерлер үшін оңтайлы жағдай жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлер үшін оңтайлы жағдай жасалады

07.03.2017
Сот тәжірибесінде судьялар ешқашан біркелкілік қағидасын ұстанбайды. Олар кейде түрлі компаниялардың бір жағдайға қатысты ісінде бір-біріне кереғар шешім шығарады. Алматыда өткен алқалы жиында кәсіпкерлер осыны айтты.

Мәселен, сот төрелігінің ескі жүйесінде бизнесмендерге қатысты кейбір санаттағы істер жарты жыл қаралады. Алайда, басқосуға келген судьялардың сөзінше, бұл жүйе өзгерді. Бұдан былай, әрбір іс 8 айдың ішінде шешіледі. Сондай-ақ, бірінші сот тыңдауының уақыты 10 жұмыс күнінен кешіктірілмейді. Бұл заңмен бекітілді.


Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу