Украина президенті сырқаттанып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина президенті сырқаттанып қалды

30.01.2014
Украина президенті сырқаттанып қалды
 
Украина президенті Виктор Янукович сырқаттанып қалды.  «Президенттің ыстығы көтеріліп, еңбекке жарамсыздық демалысына шықты»,-деп мәлімдеді медициналық сұрақтар бойынша мемлекеттік басқарма басшысының орынбасары Александр Орда. Бұл туралы «Интерфакс» хабарлайды.
 
Ел президенті Жоғарғы Радада өткен аймақтық партиялар фракциясы отырысына қатысқан болатын. Бұл жиында депутаттар акцияға қатысқандарға рақымшылық жариялау туралы заңды қарастырған.
 
Аймақтық партияның, Компартияның және фракциядан тыс депутаттардың қолдауымен Аймақтық партия фракциясының депутаты  Юрий Мирошниченко ұсынған заң қабылданды.

Хабарламаларға жазылу