Зеленский: Ресей жаңа шабуыл жасамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зеленский: Ресей жаңа шабуыл жасамақ

28.11.2022

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей зымыран соққыларын қайта бастайтынын мәлімдеді. Ол елдің қорғаныс күштері мен азаматтарын шабуыл салдарына төтеп беруге дайын болуға үндеді. Бұған қоса, Украина президентінің сөзінше, осы апта өткен апталарға қарағанда қиын болмақ. Себебі елдің энергетикалық инфрақұрылымын толық қалыпқа келтіру мүмкін болмай жатыр. Өткен аптада ел тарихта тұңғыш рет тұтастай жарықсыз қалды.

Арай Төлеген


Хабарламаларға жазылу