Фархад Харки допингтік тексеруден өтпей қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фархад Харки допингтік тексеруден өтпей қалды

26.01.2014
Фархад Харки допингтік тексеруден өтпей қалды

Соңғы жылдары отандық ауыр атлетика саласы төңірегінде жағымсыз әңгімелер көбейіп кетті. Қазан қаласында өткен Универсиадада чемпион атанған Фархат Харкидің тапсырған анализі оның допинг қолданғанын анықтап берген. Екі жыл бұрын Ұлттық құраманың тең жартысы допинг пайдаланды, деген күдік дәлелденген.

Азия чемпиондары А.Зайчиков пен А.Аборневтердің айласы әшкере болған. Қазіргі таңда тек В.Седов, А.Өтешов.К.Павлов, А.Нұрмұханбетова ғана зиянды дәрі-дәрмектерді қолданбағаны анық болған.

Алдағы күзде елімізде Азия ойындары мен Әлем чемпионаты ойындары өтпек, дейді zakon.kz басылымы.

Хабарламаларға жазылу