21 жасар Оливия Мартин – қазіргі заманға сай бойжеткен, америкалық колледждің студенті. Ата-анасы баяғыда ажырасып кеткен, әкесі – табысты адвокат – екінші рет үйленген.
Селия есімді қызы бар. Оливия оны екі-ақ рет көрген. Бір күні қайғылы оқиға болады. Оливияның әкесі мен оның әйелі көлік апатынан қаза табады. Әкесі өсиетнамасында 7 жасар Селияға әпкесі Оливияны қамқоршы ретінде тағайындапты.
Сол сәттен бастап ол алып-ұшқан албырт шақтан, жалын атқан жастық шақтан бас тартуға тиіс.
Бүгін Ұлттық арнадан 00.35-те «Сәлем, сіңілім! Қош бол, жастық шақ!» отбасылық фильмін тамашалаңыздар.